
2025 жылғы 12 қазанда Ақтау қаласында Caspian Marathon 2025 халықаралық марафоны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті. Жарыстың басталу және мәреге жету нүктесі 15-шағынаудандағы Каспий теңізі жағалауындағы амфитеатр маңында орналасты.
Қатысушылар 42,2 км толық марафон, 21,1 км жартылай марафон, 10 км жүгіру, 10 км скандинавиялық жүріс, сондай-ақ 5 км жүгіру немесе скандинавиялық жүріс қашықтықтарының бірін таңдады.
Марафонға Қазақстанның барлық өңірлерінен және шетелден келген спортшылар қатысты. Керемет ауа райы, жоғары деңгейдегі ұйымдастыру және ерекше спорттық атмосфераның арқасында Caspian Marathon 2025 Ақтаудың маңызды халықаралық спорттық іс-шараларының біріне айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1269986?lang=ru

Жауап қалдыру