
2025 жылы Ақтау қаласында ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің «Тарихи туризмді дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы көшпелі отырысы өтті.
Отырыс барысында Маңғыстау облысының туристік әлеуетін арттыру, тарихи және жағажай туризмін дамыту, сондай-ақ саланың инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері қаралды. Атап өтілгендей, Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген 2025–2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік өңірін дамыту жөніндегі кешенді жоспар 9 бағыт бойынша 102 іс-шараны қамтиды. Басым бағыттар қатарында тұрақты туризмді дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту, цифрландыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Кендірлі курорттық аймағын дамыту бар.
Кездесу қорытындысы бойынша тарихи туризмді дамыту, туристік сервисті жетілдіру және өңірдің туристік әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында мемлекет пен бизнес арасындағы ынтымақтастықты одан әрі күшейту қажеттігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1270024?lang=ru

Жауап қалдыру