
2026 жылы 22 шілдеде Ақтау қаласында Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының Елшілігі мен Ақтау қаласындағы Өзбекстан Республикасының Бас консулдығы ұйымдастырған «Өзбекстан – Ұлы Жібек жолының жауһары» туристік форумы өтті.
Форум барысында Өзбекстанның туристік индустрия өкілдері елдің туристік, инвестициялық және экономикалық әлеуетін таныстырып, туризмді дамытудың басым бағыттары, перспективалы жобалар және ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы баяндады.
Өз кезегінде Маңғыстау облысы өңірдің туристік әлеуетін, туризм саласында жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған инвестициялық жобаларды, сондай-ақ туристік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстарды таныстырды.
Форум Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризм саласындағы әріптестікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға арналған маңызды алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1270124?lang=ru

Жауап қалдыру