
2026 жылы Ақтау қаласы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) туристік астанасы мәртебесіне ие болды. Бұл туралы 29 сәуірде ЭЫҰ-ның туризм мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі сарапшылар тобының IX отырысында жарияланды.
27–29 сәуір аралығында өткен кездесуде туризмді дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, трансшекаралық туристік маршруттарды қалыптастыру, инвестициялар тарту және ұйымға мүше мемлекеттердің туристік әлеуетін ілгерілету мәселелері талқыланды.
Ақтауға берілген бұл мәртебе өңірдің халықаралық туристік имиджін нығайтып, жаңа инвестициялар тартуға, туристік ағынды ұлғайтуға және халықаралық серіктестікті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1270092?lang=ru

Жауап қалдыру