
Абай облысында полиция қызметкерлерімен балалардың терезеден құлауының алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соған қарамастан, қайғылы оқиғалар әлі де тоқтар емес.
Жыл басынан бері өңірде балалардың терезеден құлауының 13 жағдайы тіркелді. Соның салдарынан 1 бүлдіршіннің өмірі қиылды.
Ал Абай облысы құрылғаннан бері көпқабатты тұрғын үйлерден балалардың құлауының 46 жағдайы тіркелген.
Әрбір санның артында – бір баланың тағдыры, бір отбасының көз жасы, орны толмас өкініш жатыр.
Балалар табиғатынан қызығушылығы басым. Ашық терезе олар үшін қауіп емес, ойын сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бір ғана сәттік қараусыздық өмір бойы өкінуге себеп болуы ықтимал.
Құрметті ата-ана!
Балаңыздың өміріне ең алдымен Сіз жауаптысыз!
Баланы терезенің жанында қараусыз қалдырмаңыз.
Москит торына сүйенуге болмайтынын есте сақтаңыз – ол баланы ұстап қала алмайды.
Терезеге арнайы қорғаныс құлыптарын орнатыңыз және жиһазды терезеге жақын қоймаңыз.
Баланың өмірі – ең қымбат аманат. Бір сәттік сақтық – бір ғұмырды сақтап қалуы мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1270112?lang=ru

Жауап қалдыру