Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы Көкпекті ауданы объектілеріне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 6 тамызда Абай облысы бойынша тексеру комиссиясында Абай облыстық мәслихатының депутаты мен аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен кезекті отырыс өтті, онда Көкпекті ауданының жекелеген объектілерінің бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін жоспарлау, пайдалану тиімділігіне, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің өңір экономикасына ықпалына мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.

Өткізілген аудитпен 2023-2025 жылдар кезеңіндегі жалпы сомасы 8 032 754,2 мың теңгеге мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтері қамтылды. Нәтижесінде 11 555 137,3 мың теңге сомасына Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу анықталды, оның ішінде:

1) 8 709 478,2 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде түсім кезінде – 60 749,8 мың теңге;

2) 761 440,8 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау;

3) 2 085 190,3 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану.

4) 142 бірлік рәсімдік бұзушылықтар, 8 бірлік жүйелік кемшіліктер.

Бұдан басқа, 2101,7 мың теңге сомасына бюджеттің тікелей (жанама) шығындары, 200 673,2 мың теңге сомасына ықтимал шығындар мен жоғалған пайда белгіленді.

Отырыстың қорытындысы бойынша аудит объектілеріне қарау және шаралар қабылдау үшін анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін жағдайларды жою туралы нұсқама және аудиторлық қорытынды жолданылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomabay/press/news/details/1269827?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді