ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
 
Аудан әкімі Серік Үсенұлының төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Нақтырақ айтар болсақ, жаңа оқу жылына дайындық, суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік, «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуы, ағын су мәселесі, «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы, тұтынылған ауыз су бойынша берешектер және аудан бюджетінің орындалу барысы жан-жақты сараланды.
 
Алғашқы болып баяндама жасаған аудандық білім бөлімінің басшысы Толқын Айгенжиева 2026–2027 жаңа оқу жылына дайындықтың барысы, білім беру ұйымдарындағы ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары, оқу кабинеттерін жаңа оқу жылына бейімдеу, санитарлық талаптарды сақтау және материалдық-техникалық базаны нығайту бағытындағы жұмыстарға, сонымен қатар, оқушыларды оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен толық қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.
 
Ал, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Баймахан Баһарам суға шомылу маусымында жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар жайлы, әсіресе, суға түсуге рұқсат етілмеген орындарда түсіндіру шаралары күшейтіліп, тұрғындарға ескерту белгілері орнатылғандығы, балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып жатқаны жайлы баяндады.
 
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасарлары «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен ағын су жүйесінің қазіргі жай-күйіне, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және ауыл экономикасын әртараптандыру бағытындағы жұмыстарға, «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалу деңгейі мен ауыз су қызметі үшін қалыптасқан берешек қарыздарды өндіру шараларына, аудан бюджетінің кірісі мен шығысының орындалу көрсеткіштеріне, тиімді әрі мақсатты жұмсалуына, кіріс көздерін ұлғайту және мемлекеттік бағдарламалардың қаржылық орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға талдау жасады.
 
Мәжіліс соңында қаралған әрбір мәселе бойынша жауапты сала басшыларына белгіленген мерзімде нәтижелі жұмыс жүргізуді міндеттеген аудан басшысы әлеуметтік саланың тұрақты дамуы, тұрғындардың қауіпсіздігі, инженерлік инфрақұрылымның сапалы жұмысы және қаржылық тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстардың нәтижесін бақылауында ұстайтынын ескертті.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1269790?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді