Авариялық жағдай туғызған жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 4 тамызда сағат 18:00 шамасында «112_aktau» Instagram әлеуметтік желісіне жүргізілген мониторинг барысында 2026 жылғы 3 тамызда сағат 15:00 шамасында «Mitsubishi Delica» маркалы автокөлік жүргізушісінің жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзып, өзге қозғалыс қатысушыларына авариялық жағдай туғызғаны анықталды.

Аталған құқық бұзушылық бойынша жүргізуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 606-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, көлік құралын басқару кезінде өзара сыйластық танытып, жол қозғалысының өзге қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

Жолдағы әрбір әрекет үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бір сәттік салғырттық ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Жол қозғалысы қағидаларын сақтаңыз – өз өміріңізді және өзгенің өмірін қорғаңыз!

https://www.instagram.com/reel/DbnrvsEsRGH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1269221?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді