
Аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршиновтің төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жаңа басшысын таныстыру рәсімі өтті.
Аталмыш жиынға Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Нұралы Мусиев келіп арнайы қатысты.
Өз кезегінде Нұралы Мусиев жиынға қатысушыларға жаңа басшыны таныстырып, сәттілік тіледі.
Аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов пен Сайқын ауылдық округінің Шыңғыс Абдоллин да жаңа басшыға абыройлы қызмет тіледі.
Ербол Шалдыбаев – Қазақстан Республикасы ІІМ Павлодар арнайы орта мектебінің курсанты.
Алғаш еңбек жолын Шымкент химия-фармацевтикалық зауытын күзету жөніндегі №6 Өрттен қорғау бөлімінің №88 әскери өрт бөлімінің инспекторы қызметінен бастаған. Әр жылдары мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының 1-отряды №9 өрт бөлімінің инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №1 өрт бөлімінің инспекторы, осы бөлімнің қарауыл бастығы, бөлім инспекторы, қызметтерін атқарған.
Кейін Оңтүстік Қазақстан облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің №13 өрт бөлімінің қарауыл бастығы,
бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы лауазымдарын атқарған.
Күні бүгінге дейін ТҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қазығұрт ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің №13 өрт бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1269866?lang=ru

Жауап қалдыру