
Үшқұдық ауылының тұрғыны Молдабеков Жанболат 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несие алып, жылыжай кәсібін табысты қолға алды.
Бүгінде жылыжайда заманауи технологияларды пайдалана отырып, сапалы қияр өсірумен айналысады. Шаруашылықтың өндірістік қуаты айына 1,5 тоннаға дейін қияр өнімін өндіруге мүмкіндік береді.
Жылыжайдың басты артықшылығы – жылдың төрт мезгілінде де тұрақты өнім өндіру мүмкіндігі. Соның арқасында ауыл тұрғындары жыл бойы балғын әрі сапалы көкөніспен қамтамасыз етіліп, жергілікті нарыққа отандық өнім үздіксіз жеткізілуде.
Бұл жоба ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, жаңа жұмыс мүмкіндіктерін қалыптастыруға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға өз үлесін қосып келеді. Молдабеков Жанболаттың еңбегі – мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, табысты кәсіптің үлгісін көрсетіп отырған жарқын мысал.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-yshkudyk/press/news/details/1269718?lang=ru

Жауап қалдыру