
🔹 «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 30 шілдеде Қостанай облысы Әділет Департаменті әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінде дәріс оқыды.
🔹 Дәріс барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидалары, оның мемлекеттің Ата Заңы ретіндегі маңызы, қолданыстағы заңнамадағы соңғы өзгерістер мен жаңашылдықтар, сондай-ақ заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, конституциялық құндылықтарды нығайту және қолданыстағы заңнама нормаларын кәсіби қызметте практикалық қолдану мәселелері қарастырылды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1269607?lang=ru

Жауап қалдыру