«Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласының аумағында өтіп жатқан «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Іс-шара барысында қоғамдық көліктерде және жол бойындағы жолаушылар арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, интернет алаяқтарының кеңінен қолданатын әдіс-тәсілдері туралы ақпарат берілді. Азаматтарға белгісіз нөмірлерден келетін қоңырауларға мұқият болу, күмәнді сілтемелерді ашпау, жеке деректерін және банк карталарына қатысты мәліметтерді үшінші тұлғаларға бермеу қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, тұрғындарға интернет қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратылып, күмәнді жағдайлар орын алған немесе алаяқтық белгілері байқалған жағдайда полицияның «102» арнасына дереу хабарласу керектігі ескертілді.

Ақтау қаласы полиция басқармасы азаматтарды сақтық танытып, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

https://www.instagram.com/reel/DbsEdfSKwXI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1269955?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді