Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының бұйрығымен Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы лауазымына Габдуллина Дана Сейфуллақызы тағайындалды.

👩‍⚕️ Дана Сейфуллақызы 1973 жылғы 27 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «дәрігер-гигиенист, эпидемиолог» мамандығы бойынша тәмамдаған.

💼 Еңбек жолын 1996 жылы Жалпақтал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында санитариялық дәрігер болып бастап, кейін Казталов ауданындағы санитариялық-эпидемиологиялық қызметте түрлі жауапты лауазымдарды атқарды. 2020 жылдан бері Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарып келді.

🏅 Көпжылдық адал еңбегі мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталған. Сондай-ақ «Облыстың үздік санитариялық-эпидемиологиялық дәрігері» өңірлік байқауының ІІІ орын иегері.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1269860?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді