КЕЛЕСТЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданы әкімі аппаратының басшысы Бахтияр Абдрахмановтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында ауданның инфрақұрылым саласындағы өзекті мәселелері, 2026 жылға арналған индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы және облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алмас Абдуллаев баяндама жасап, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Баяндамада елді мекендердегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, абаттандыру, көгалдандыру және қоғамдық орындарды күтіп ұстау бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралардың барысы айтылды.
Екінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Абдікерім Мұналов 2026 жылға арналған индикаторлық көрсеткіштердің орындалу деңгейіне тоқталып, жоспарлы межелерге қол жеткізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе аясында ұйымдастыру бөлімшесінің бас инспекторы Ықылас Медет облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат беріп, орындалу мерзімдері мен жауапты мекемелердің жұмысына тоқталды.
Жиынды қорытындылаған аппарат басшысы Бахтияр Абдрахманов күн тәртібінде көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын күнделікті мониторингтеу және облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларын уақытылы әрі толық орындау қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1269931?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді