«Мамандықтың шынайы құндылығы заңды орындаумен ғана емес, адамгершілікпен өлшенеді»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кейде полиция қызметінің мәнін кез келген ресми есептен гөрі қарапайым адам тағдыры айқын көрсетеді.

Жетісу облысындағы қарқынды қозғалыс жүріп жатқан тасжолдардың бірінде кешкі уақытта ішінде отбасы отырған автокөлік кенеттен бұзылып, жолдың ортасында тоқтап қалған. Бұл жағдай өзге жол қозғалысына қатысушылар үшін де қауіп төндірген.

Осы сәтте жақын маңда патрульдік полиция экипажы болып, тәртіп сақшылары бірден көмекке келген. Олар жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, көліктегі ақауды реттеуге қол ұшын созып, отбасының сапарын қауіпсіз жалғастыруына барынша жағдай жасаған.

Полицейлердің бұл әрекетіне риза болған азамат әлеуметтік желіде өз әсерімен бөлісіп: «Мамандықтың шынайы құндылығы заңды орындаумен ғана емес, адамгершілікпен өлшенеді», – деп жазды.

Осындай игі істер полиция қызметінің тек құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен шектелмейтінін, ең алдымен қиын жағдайда қалған азаматтарға қолдау көрсетуге әрдайым дайын екенін көрсетеді.

Әрбір кезекшілік пен патрульдің артында халықтың қауіпсіздігін өз міндеті ғана емес, азаматтық парызы деп білетін жандар тұр. Кейде дәл осындай қарапайым көрінетін әрекеттер адамдардың жүрегінде үлкен алғыс пен сенім ұялатады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1270004?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді