
Басқарманың 2026 жылға арналған негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында басқарма мамандары арасында семинар өткізілді. Семинар барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қарастырылды. Қатысушыларға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өзгеруі, рұқсат беру бақылауын жүргізудің жаңа тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына енгізілген өзге де өзгерістер түсіндірілді. Семинар қорытындысында мамандарға мемлекеттік қызметтерді заңнама талаптарына сәйкес сапалы әрі уақтылы көрсету қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1269263?lang=ru

Жауап қалдыру