
Ақтөбеде таңғы патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіні анықтады. Таңғы сағат 06:00 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері ВАЗ-2114 автокөлігін құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан.
Тексеру барысында көлік тізгініндегі азаматтың бұрын өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Соған қарамастан, ол қайтадан рөлге отырған. Бұдан бөлек, жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған 38 жүргізуші анықталды. Мұндай әрекеттер заңды қасақана елемеу ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1270166?lang=ru

Жауап қалдыру