Қарағанды облысында еңбек құқықтарын қорғау және адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастамасымен мүдделі мемлекеттік органдар мен «Қайсар» қоғамдық қорының қатысуымен адам саудасына қарсы іс-қимыл, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті бөлімінің басшысы Саягүл Еркебекова қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар адам саудасының алдын алу, мәжбүрлі еңбек пен еңбек қанауының өзге де түрлерінің профилактикасы, сондай-ақ еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және жұмыскерлердің заңды құқықтарын қорғау жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Еңбек құқықтарының бұзылу фактілерін уақтылы анықтау, мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының және қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылын жетілдіру, сондай-ақ халық арасында қауіпсіз жұмысқа орналасу және еңбек қанауына жол бермеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар адам саудасына қарсы тиімді іс-қимыл еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етумен, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаумен және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтумен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1269250?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді