Қазақстан Охридте Құрметті консулдық ашады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Охрид, 2026 жылғы 4 тамыз – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Охрид қаласында ресми сапармен болды.

Қала әкімі Кирил Пецаковпен кездесу барысында мәдени алмасу мен туризмді дамытуға ерекше назар аудара отырып, ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Елші С.Бұршақов аймақ басшысына Қазақстан Республикасының Охридтегі жаңадан тағайындалған Құрметті консулы Гиоргие Войновикті таныстырып, оған салтанатты түрде Консулдық патент табыс етті.

Сонымен қатар, С.Бұршақов қала басшысын еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен, сондай-ақ Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы ынтымақтастығын кеңейту перспективаларымен таныстырды.

Қ.Пецаков муниципалитеттің қызметі, оның тарихы, аймақтың экономикалық әлеуеті, биыл шілде-тамыз айларында болып жатқан 66-шы дәстүрлі «Охридско лето» жазғы мәдени фестивалінің бағдардамасы туралы айтып берді. Қазақ өнерпаздарын осы бағдарламаға белсенді қатысуға шақырды.

Тараптар Охридте Қазақстан Құрметті консулдығының ашылуы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, әсіресе экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейтуге серпіліс беретінін атап өтті.

К.Пецаков жуырда Қазақстан өкілінің қатысуымен ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра комитеті мүшелерінің Охридте болған танысу миссиясын ризашылықпен атап өтіп, ЮНЕСКО Комитетіне Охрид аймағының мәдени нысандары мен қоршаған ортасын қорғау және сақтау  бойынша конструктивті ықпалдастығы үшін ризашылығын білдірді.

Кездесу соңында Елші Охрид мэріне жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, «Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері» атты естелік кітабын табыс етті.

Анықтама: Охрид – Солтүстік Македонияның оңтүстік-батысындағы көркем курорттық қала (шамамен 50 мыңға жуық халқы бар), Еуропадағы ең терең Охрид көлінің солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан, бұл елдегі негізгі туристік бағыттардың бірі.

Охрид VII ғасырдан бері белгілі, оның көп этникалық құрамы оған македондықтар, албандар, түріктер, влахтар, сербтер, босниялықтар кіреді.

Көптеген шіркеулер мен монастырлардың арқасында қала Балқан және еуропалық Иерусалим деп аталады. Охрид аймағы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген. Жыл сайын жазда «Охридско лето» мәдени фестивалі өтеді. Охрид тарихи қала мен танымал жазғы курорттың ерекшеліктерін біріктіреді.

Охрид халықаралық әуежайы қазіргі таңда негізінен  Ыстанбұл, Вена, Варшава, Милан, Амстердам, Цюрих, Базель, Братислава, Дортмунд қалаларымен қатынас жасайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1269551?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді