
Қазақстан Республикасындағы сайлау процесінің теориялық-практикалық аспектілері және сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіруді ұйымдастыру туралы учаскелік сайлау комиссияларына бағытталған оқыту-семинары өтті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдесіндегі №1338 жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауынының тағайындалуына орай, Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастырумен ағымдағы жылға 05 тамызда Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде Мойынқұм аудандық учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинары өткізілді.
Оқыту-семинарға Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшелері, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, аудан әкімі аппаратының басшысы, аумақтық сайлау комиссиялары жанынан құрылған жас сайлаушылар клубтарының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Оқыту-семинардың мақсаты – учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби құзыреттерін арттыру, олардың сайлауды ұйымдастыру және өткізу, сайлау заңнамасын тиімді қолдану, сайлау процесіне қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау және заманауи электоралдық практикалар мен өзекті кейстерді ескере отырып практикалық дағдыларын дамыту.
Оқыту-семинарын Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы С. Садуакасов ашып, қатысушыларды семинардың бағдарламасымен таныстырды.
Оқыту-семинарының жоспарына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері саяси науқанды әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі жұмыстар мен дауыс беру күні жөнінде дәрістер оқыды.
Оқыту барысында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері дәріскерлерге сайлау науқанында орын алатын жағдайлар бойынша бірқатар сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды. Сонымен қатар, оқыту-семинарда учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерімен кейстік тапсырмалар талқыланды. Сондай-ақ Кахут платформасы арқылы телешоу стиліндегі сұрақтармен жүргізілетін интеллектуалдық викторина сұрақтарымен комиссия мүшелерінен тест алынды.
Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінен оқытудың қорытындысы бойынша оқу барысында игерген білімдері мен дағдыларын бекіту үшін оқыту-семинарының тақырыптарына сәйкес тест алынып, сертификаттар табыс етілді.
Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1269238?lang=ru

Жауап қалдыру