
🔹 «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 5 тамызда Қостанай облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өтініштердің түрлерін саралау, оларды қарау мерзімдері және тыңдау рәсімін өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында семинар өткізді.
🔹Семинар барысында Әдістемелік ұсынымдардың негізгі ережелері, өтініштердің түрлерін дұрыс саралау, оларды қарау мерзімдерін сақтау, сондай-ақ тыңдау рәсімін өткізу тәртібі қарастырылды. Қатысушыларға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын бірізді қолдану бойынша практикалық түсіндірмелер берілді.
🔹Іс-шара өтініштерді қарау сапасын арттыруға, заңдылықты қамтамасыз етуге және құқық қолданудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастыруға бағытталды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1269807?lang=ru

Жауап қалдыру