
Сенек ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында құрылған облыстық мониторингтік топ мүшелері аудандық және ауылдық мониторинг топтарының мүшелерімен бірлесіп, ауыл аумағына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында анықталған барлық деректер тиісті тәртіппен тіркеліп, материалдар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құзыретті мемлекеттік органдарға жолданатын болады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталған фактілер бойынша тиісті құқықтық шаралар қабылданады.
Мониторинг жұмыстары табиғи ресурстарды заңсыз өндіру фактілерін анықтау, олардың алдын алу және жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында тұрақты түрде жалғасатын болады.
https://www.instagram.com/reel/Dbn01lINUAS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1269983?lang=ru

Жауап қалдыру