Шымкентте азаптаудың алдын алу мәселелері талқыланды «Саптағы заңдылық» іс-шарасы аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінде жедел құрылым қызметкерлерінің қатысуымен азаптау мен заңсыз әрекеттердің алдын алу мәселелеріне арналған жедел кеңес өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі А. Бейсенбаев және Шымкент қаласы прокуратурасының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында азаптау, қорқыту немесе заңсыз қысым көрсету әрекеттеріне жол бермеу, адам құқықтарын сақтау және қызметтік міндеттерді заң талаптарына сай орындаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сондай-ақ қызметкерлерге әрбір азаматтың құқықтары мен ар-намысын құрметтеу, заңдылық қағидаттарын қатаң сақтау және қызмет барысында тек заң аясында әрекет ету қажеттігі ерекше атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1270021?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді