Стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру-талдау жұмысы департаменті ҚР Әділет министрлігінің ағымдағы жылдың 28 шілдесінде өткен аппараттық кеңесінің №3 хаттамасын орындау мақсатында 2026 жылдың 05 тамызы Ұлытау облысы Әділет департаментінің Әкімшілік бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, соның ішінде қайта келіп түскен өтініштерді қараудың жай-күйі туралы» дәріс өткізілді.
Іс-шара барысында: Әділет департаментінің 2026 жылдың 7 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша есебінің ақпараты талданып және өтініштермен жұмыс істеу кезінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Әділет министрлігі Қоғамдық тәртіп саласындағы заңнама департаменті әзірлеген ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің кейбір мәселелері бойынша Әдістемелік ұсынымына сәйкес өтініштердің түрлерін саралау, оларды қарау мерзімдері және тыңдау рәсімі мәселелері бойынша сабақ өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1269832?lang=ru

Жауап қалдыру