Субсидияланатын жұмыс орындарына қатысуының жекелеген шарттары

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі №112 бұйрығымен жұмыс берушілердің меншік нысанына (мемлекеттік мекемелер, жеке меншік нысанындағы ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар) байланысты олардың арасында субсидияланатын жұмыс орындарын бөлудің сараланған тәсілдері (бұдан әрі – сараланған тәсіл) енгізілді.
Бірінші сараланған тәсіл. Жұмыс берушілердің субсидияланатын жұмыс орындарына қатысуының жекелеген шарттары.
Атап айтқанда, үкіметтік емес ұйымдарды (бұдан әрі – ҮЕҰ) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жіберу үшін – ҮЕҰ дерекқорында ҮЕҰ туралы мәліметтердің болуы, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар тізілімінде болмауы туралы талаптар бекітілді.
Мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ жарғылық капиталында мемлекетке дауыс беретін акциялардың немесе қатысу үлестерінің 50 %-дан астамы тиесілі заңды тұлғалар үшін – өтінім беру кезінде жалақы бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы, тіркелген электрондық еңбек шарттары және міндетті зейнетақы жарналары бар қызметкерлердің тізімдік санының болуы.
Жеке меншік нысанындағы коммерциялық заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары және әлеуметтік кәсіпкерлер үшін – өтінім беру кезінде жалақы бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы, СЖО ұйымдастыруға өтінім берілген күннің алдындағы соңғы 12 ай ішінде әлеуметтік төлемдерді тұрақты төлеуі, жалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған салық төлеушілер тізбесінде болмауы, тіркелген электрондық еңбек шарттары және міндетті зейнетақы жарналары бар қызметкерлердің тізімдік санының болуы, өткен күнтізбелік жылы СЖО-да жұмысын аяқтаған жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруы.
Екінші сараланған тәсіл. Жұмыс берушілердің құрылымдық сипатына қарай олардың арасында қоғамдық жұмыс орындарының санын бөлу. Атап айтқанда, қоғамдық жұмыстар орындарының саны:
1) мыналар:
– халқының саны 200 адамға дейінгі ауылдық елді мекендерде орналасқан әкімдіктер мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер үшін – елді мекенде тұратын жалпы халық санының 5%-ына дейін жұмыс орны;
– халқының саны 200-ден 500 адамға дейінгі ауылдық елді мекендерде орналасқан әкімдіктер мен коммунальдық мемлекеттік мекемелер үшін – елді мекенде тұратын жалпы халық санының 3%-ына дейін жұмыс орны;
– халқының саны 500 адамнан асатын ауылдық елді мекендерде орналасқан әкімдіктер мен коммунальдық мемлекеттік мекемелер үшін – елді мекенде тұратын жалпы халық санының 2%-ына дейін жұмыс орны;
2) ҮЕҰ үшін:
– республикалық маңызы бар қалаларда және астанада – 1-ден 10-ға дейін жұмыс орны;
– облыстық маңызы бар қалаларда, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде – 1-ден 5-ке дейін жұмыс орны;
3) қалалық елді мекендерде орналасқан мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ жарғылық капиталында мемлекетке дауыс беретін акциялардың немесе қатысу үлестерінің 50%-дан астамы тиесілі заңды тұлғалар үшін – 1-ден 5-ке дейін жұмыс орны;
4) жеке меншік нысанындағы коммерциялық заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары және әлеуметтік кәсіпкерлер үшін – 1-ден 5-ке дейін жұмыс орны болып бекітілді.
Жұмыс берушілерден 2027 қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер қабылдау сараланған тәсілдерге сәйкес жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-social/press/news/details/1269825?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді