
🔹«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 5 тамызда Қостанай облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Нәжіқанов Т.О. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзуға жол бермеу мәселелері бойынша қызметкерлерге семинар өткізді.
🔹Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта қызметтік әдеп нормаларын сақтауы – қоғамның мемлекеттік аппаратқа деген сенімін қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі.
Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдеп қағидаларын ұстанып, қарапайымдылық танытуы, өзінің лауазымдық жағдайын жеке мақсаттарына пайдаланбауы және оған ерекше мән бермеуі, сондай-ақ қоғамда теріс пікір туғызуы немесе мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттер мен мінез-құлықтан аулақ болуы тиіс.
🔹Сондай-ақ, заңнамада мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін, оның ішінде лауазымдық міндеттерді тікелей орындауға байланысты емес теріс қылықтар үшін тәртіптік жауапкершілік көзделгеніне назар аударылды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 62-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын медициналық мақсаттан тыс қолдану, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқару фактілері жатады.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз кызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1269809?lang=ru

Жауап қалдыру