Жамбыл облысында өнеркәсіпті дамыту мен инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында өнеркәсіпті дамыту мен инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Соның жарқын мысалдарының бірі – «Талас» индустриялық аймағының субзонасында іске қосылған «Karatau Chemicals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жаңа кәсіпорын бүгінде алғашқы өнімін шығарып, өндірістік қуатын біртіндеп арттыруда, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Кәсіпорын өндіріс орындарын орналастыруға арналған қажетті инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген аумақта орналасқан. Индустриялық аймақта бұдан бөлек «Talas Investment Company» және «АзияХим» кәсіпорындары да жұмыс істейді.

Жобаны іске асыруға 2024–2025 жылдары шамамен 3 миллиард теңге көлемінде шетелдік инвестиция тартылды. Кәсіпорынның негізгі өнімі – натрий пиросульфиті. Бұл химиялық өнім тамақ және химия өнеркәсібінде, медицинада, сондай-ақ алтын өндіру саласында кеңінен қолданылады.

Кәсіпорынның жылдық жобалық қуаты – 24 мың тонна өнім өндіру. Биылғы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша мұнда 2 335 тонна

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1270155?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді