07.08.2026 жылы Департамент қызметкерлері арасында «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.04.2025 жылғы № 200 қаулысы (бұдан әрі – Қаулысы) зерделеу және түсіндіру жұмыстары жүргізілгді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   

07.08.2026 жылы Департамент қызметкерлері арасында «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.04.2025 жылғы № 200 қаулысы (бұдан әрі – Қаулысы) зерделеу және түсіндіру жұмыстары жүргізілгді.

Зерделек және түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында Қазақстан Республикасында соңғы жылдары қоғамда құқықтық мәдениет пен құқықтық тәртіп деңгейі артуының оң үрдісі байқалатыны назарға алынды.

      Қазақстан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі элементі болып табылатын заңдылық пен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған реформаларды белсенді түрде жүргізуде.

      Мемлекет басшысы 02.09.2024 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында мынаны атап өтті: «Соңғы бес жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда».

      Мәселен, Конституциялық Соттың құрылуы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық мәртебенің берілуі, прокуратура органдарының рөлін күшейту маңызды оқиғалар болып табылады. Осы бағыттар бойынша азаматтар үшін бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және осындай бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жаңа мүмкіндіктерді айқындайтын Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» және «Прокуратура туралы» конституциялық заңдары қабылданды.

      01.01.2023 жылдан бастап Қазақстанда Конституциялық Сот өз жұмысын бастады, ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етеді. Барлық азаматтар, Бас Прокурор және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл конституциялық бақылау органына жүгіну құқығын алды.

      Осылайша, конституциялық реформа Қазақстан тарихындағы жаңа дәуірдің бастауы болды. Бұл соңғы үш жылдағы саяси өзгерістерді бекемдеуге және мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға берік негіз қалауға мүмкіндік берді.

      2023 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Ақпараттық доктринасының бекітілуі бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі болды. Бұл құжат еліміздің ақпараттық кеңістігінің орнықты жұмыс істеуін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жалған ақпаратқа және қоғамдық пікірді манипуляциялауға қарсы іс-қимылға бағытталған.

      Бұдан басқа, 2020 жылғы тамызда Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы қабылданды, оның мақсаты азаматтардың мемлекеттік істерді басқаруға белсенді қатысуы үшін қолайлы жағдай жасау және мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы әріптестікті нығайту болып табылады.

       Үкімет әлеуметтік жобалар мен гранттарды қаржыландыра отырып, азаматтарды құқықтық оқыту үшін үкіметтік емес ұйымдармен (бұдан әрі – ҮЕҰ) белсенді түрде ынтымақтастық жасайды. Жыл сайын негізінен құқықтық ағартуға бағытталған 2000-ға жуық әлеуметтік жоба іске асырылуда. ҮЕҰ реформалар мен ағарту жұмысын қолдай отырып, мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңестерге қатысады. Адам құқықтары және бала құқықтары жөніндегі уәкілдер азаматтар мен балалардың құқықтарын қорғау үшін ҮЕҰ-мен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Мұндай ынтымақтастық елімізде халықтың құқықтық сана-сезімін жақсартуға және құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.

      Қаулысының осы және басқа да ақпараты назарға салынып, Департамент қызметкерлерімен талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-shymkent/press/news/details/1270742?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді