Жетісу облысы Қаратал ауданының прокуратурасы INVEST CARAVAN акциясы аясында жалпы құны 25 млрд теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асырып жатқан инвесторлармен көшпелі кездесулер өткізді.
Кездесу барысында инвесторларға прокуратура органдарының олардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау бағытында қабылдап жатқан шаралары түсіндіріліп, инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.
Ашық диалог форматында бизнес өкілдері кездесіп отырған әкімшілік кедергілерді көтерді. Мемлекеттік органдардың қатысуымен оларды жедел шешу жолдары қарастырылды.
Аудан прокуратурасы инвестициялық жобаларды тұрақты негізде сүйемелдеп, инвесторлардың құқығын қорғауды қамтамасыз етеді және әкімшілік кедергілерді жою бойынша шаралар қабылдап, қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға ықпал етуде.
Осы жұмыстың нақты нәтижелерінің бірі – салынып жатқан нысанды газбен жабдықтау жүйесіне қосу мәселесі бойынша жүгінген «Достық» жеке кәсіпкерінің құқығын қорғау болды. Прокуратураның араласуынан кейін анықталған заңбұзушылықтар жойылып, нысан табиғи газбен жабдықтау жүйесіне қосылды.
Кездесулер барысында түскен барлық өтініш аудан прокуратурасының бақылауына алынды.
Жетісу облысының прокуратурасы құқықтары бұзылған немесе әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторлар +7 (771) 131-04-44 телефоны арқылы Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа, сондай-ақ 115 Call-орталығына жүгіне алатынын еске салады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1270523?lang=ru

Жауап қалдыру