
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Аягөз ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп, 2026 жылғы 18 маусымда Аягөз ауданының аумағында жоспардан тыс тақырыптық көшпелі тексеру жүргізді.
Тексеру іс-шаралары барысында тау-кен өндіру кәсіпорындарының бірінің аумағында мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмеген автожанармай құю станциясы арқылы мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактісі анықталды.
Анықталғандай, аталған автожанармай құю станциясы арқылы кәсіпорынның өзіне тиесілі арнайы техника ғана емес, сондай-ақ мердігер ұйымдардың техникасы да жанармаймен қамтамасыз етілген. Бұл фактілер бейнебақылау материалдарымен, сондай-ақ тексеру барысында табылған жанармай құю ведомостарымен расталды.
Тексеру қорытындысы бойынша автожанармай құю станциясының резервуарларында болған 40 мың литрден астам мұнай өнімі заңсыз айналымнан тәркіленді.
Соттың шешімімен кәсіпорын Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік жаза ретінде тәркіленген мұнай өнімдері мемлекет кірісіне тәркіленді.
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті заңнама талаптарын сақтамай мұнай өнімдерін өткізу заң бұзушылық болып табылатынын және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғастырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1270398?lang=ru

Жауап қалдыру