
2026 жылғы 5 тамызда Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы брифинг өткізді.
Брифинг барысында Департамент басшысы іс-шараға қатысушыларға Әділет департаменті қызметінің қорытындылары туралы ақпарат ұсынып, сондай-ақ жаңа Конституцияның өзекті новеллалары туралы және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған атқарушылық өндіріс пен нотариат салаларындағы негізгі өзгерістер туралы сөз қозғады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан еліміздегі реформалардың концептуалды негіздеріне тоқталды. Брифинг соңында қатысушылар бірқатар нақтылаушы сұрақтар қойып, Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа процесінің ашықтығы мен айқындығын атап өтті.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1270372?lang=ru

Жауап қалдыру