Құрметті ата-аналар!
2026 жылғы 11 тамыздан бастап Астана қаласы әкімдігінің №47 «Ақ желкен» балабақшасы МКҚК II обьектісіне 2026-2027 оқу жылына балаларды топтастыру басталады.
Мекенжайы: Көктал-1 тұрғын алабы, Көкжиек көшесі 4.
Топтастыру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығымен бекітілген Алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады.
Осыған байланысты төмендегі талаптарға назар аударуларыңызды сұраймыз:
– ED24.kz мобильді қосымшасын орнатып, авторизациялау;
– «INDIGO – электрондық балабақша» жүйесіндегі жеке кабинетке қолжетімділікті тексеру (логин мен құпиясөздің өзекті екеніне көз жеткізу);
– өтініштің мәртебесін тексеру. Өтініш белсенді болуы, мұрағатта болмауы, қолданылу мерзімі өтіп кетпеуі және тоқтатылған мәртебеде болмауы тиіс;
– алдын-ала балабақшаны таңдап қою.
Техникалық сүйемелдеу бойынша барлық нұсқаулықтар Indigo24.kz порталындағы «INDIGO – электрондық балабақша» жүйесінің «Пайдалы ақпарат» бөлімінде орналастырылған.
Назар аударыңыз! Бос орындар алдымен күту парағындағы кезектілікке сәйкес бөлінеді.
⚠️ Мектепке дейінгі ұйымда бос орын пайда болған жағдайда ақпараттық жүйе күту парағында бірінші тұрған қызмет алушыға проактивті түрде хабарлама жібереді. Егер қызмет алушы 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде жауап бермесе, оның өтінімі күту парағынан алынып тасталып, хабарлама кезектегі келесі қызмет алушыға жіберіледі.
⚠️ Егер өтінішіңіз белсенді болса, хабарлама белгіленген кезектілікке сәйкес ED24.kz мобильді қосымшасына және «INDIGO – электрондық балабақша» жүйесіндегі жеке кабинетке жолданады. Алгоритмнің 3-тарауына сәйкес ақпараттық жүйе кезекте бірінші тұрған қызмет алушыға Алгоритмнің 7-қосымшасына сәйкес ваучер беру туралы хабарлама жібереді. Қызмет алушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ваучерді мектепке дейінгі ұйымда пайдалануға келісімін растайды немесе одан бас тартады.
⚠️ Ваучерден бас тартқан жағдайда кезек жойылады.
⚠️ Егер 2 (екі) жұмыс күні ішінде жауап берілмесе, өтініш белсенді емес мәртебеге ауыстырылып, 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн бойы ваучер алуға қатыспайды.
Баланы балабақшаға қабылдау үшін төмендегі медициналық құжаттарды алдын ала дайындау қажет:
– баланың 3×4 көлеміндегі фотосуреті;
– № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;
– № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 052-2/у нысанындағы «Баланың денсаулық паспорты»;
– № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 027/у нысанындағы медициналық анықтама.
⚠️ Ваучерлер автоматты түрде беріледі. Ваучердің берілгені туралы хабарлама ED24.kz мобильді қосымшасына және «INDIGO – электрондық балабақша» жүйесіндегі жеке кабинетке жолданады.
⚠️ Туындаған сұрақтар бойынша ата-аналар немесе баланың заңды өкілдері Көктал-1 тұрғын алабы, Көкжиек көшесі 4 мекенжайында орналасқан №47 «Ақ желкен» балабақшасы МКҚК II обьектісіне жүгіне алады.
Назар аударыңыз!
Балабақшаны таңдау барысында №47 «Ақ желкен» балабақшасы МКҚК II обьектісіне таңдау жасау қажет.
Назар аударғандарыңызға рақмет! Қажетті ақпаратты уақытылы тексеріп, ваучер туралы хабарламаны өткізіп алмауларыңызды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-bilim/press/news/details/1270551?lang=ru

Жауап қалдыру