Аудан әкімі жөндеуден өткен терапия бөлімшесінің жұмысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев жұмыс сапары барысында «Сырдария аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жөндеуден өткен терапия бөлімшесінің жұмысымен танысты.
Бөлімшеде жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары барысында қабырғалар сырланып, бояу жұмыстары толық аяқталған. Есіктер жаңартылып, еденге жаңа линолеум төселген. Сонымен қатар төбе жабыны толықтай ауыстырылып, бөлімшенің ішкі келбеті заманауи талаптарға сай жаңғыртылған.
Жөндеу жұмыстарына кәсіпорын тарапынан қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан жұмыстар белгіленген мерзімде сапалы орындалған.
Аудан әкімі бөлімшенің қазіргі жай-күйімен танысып, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету үшін емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мен қолайлы жағдай қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жауапты сала басшыларына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын одан әрі арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-qorgalykol/press/news/details/1270732?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді