
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит кезекті азаматтарды қабылдау өткізді.
Қабылдауға басқарманың мамандары мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.
Қабылдау барысында елорданың бес тұрғынының өтініштері қаралды. Кездесуде дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.
Атап айтқанда, отандық спорттық киім өндірушісі Астана қаласындағы спорт мекемелерімен ынтымақтастық орнату жөнінде ұсынысын жеткізді. Сонымен қатар, Dutch Football Academy футбол академиясының өкілдері елордада балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту мәселелері бойынша өз ұсыныстарын айтты.
Сондай-ақ жалғызбасты көпбалалы ана баласының футболдан D санатындағы жаттықтырушы лицензиясын алу мәселесі бойынша өтініш білдірді. Оның айтуынша, баласы оқу орнын аяқтап, диплом алғанымен, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу үшін аталған лицензия қажет.
Қабылдау барысында жас спортшылардың ата-аналары да балалардың жаттығу үдерісі мен спорт мекемелерінің жұмысына қатысты өз сауалдары мен ұсыныстарын жеткізді.
Әрбір өтініш бойынша азаматтарға қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасы аясында жан-жақты түсіндірме берілді. Бірқатар мәселелерді Василий Левит жеке бақылауына алып, жауапты мамандар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.
Басқарма басшысы азаматтардың барлық өтініштері заңнама талаптарына сәйкес қаралатынын және көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1270640?lang=ru

Жауап қалдыру