
Кездесуге Департаменттің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Б.Жұманов және орталықтың еңбек ұжымы қатысты.
Шара барысында Бағлан Жұманов еңбек заңнамасына енгізілген жаңа нормаларды жан-жақты түсіндіріп, олардың еңбек қатынастарын жетілдіруге, еңбек қауіпсіздігін арттыруға және жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы құқықтық қатынастардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтып өтті.
Кездесуге қатысқан қызметкерлер еңбек заңнамасының жаңа талаптарын қолдануға қатысты сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1270411?lang=ru

Жауап қалдыру