
Камералық дезинфекция – арнайы дезинфекциялық камераларда әртүрлі бұйымдар мен заттарды залалсыздандыру және дезинсекциялау әдісі.
Медициналық ұйымдарда бұл әдіс санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу және инфекциялық бақылау талаптарын сақтау мақсатында қолданылады. Камералық дезинфекцияның негізгі объектілері – пациенттердің төсек-орын жабдықтары, атап айтқанда матрастар, жастықтар және көрпелер.
Медициналық ұйымдарда төсек-орын жабдықтары төмендегі жағдайларда міндетті түрде камералық дезинфекция әдісімен залалсыздандырылады, пациент шығарылғаннан, басқа бөлімшеге ауыстырылғаннан, оқшауланғаннан немесе қайтыс болғаннан кейін келесі бөлімшелерде:
- хирургиялық бөлімшелерде;
- травматологиялық бөлімшелерде;
- онкологиялық бөлімшелерде;
- гематологиялық бөлімшелерде;
- күйік бөлімшелерінде;
- жүкті әйелдер мен босанған әйелдер бөлімшелерінде;
- балалар бөлімшелерінде;
- инфекциялық бөлімшелерде;
- туберкулезге қарсы бөлімшелерде;
- дерматовенерологиялық бөлімшелерде.
Эпидемиялық көрсетілімдер бойынша, яғни жұқпалы ауру қоздырғыштарының таралу қаупі туындаған жағдайда, төсек-орын жабдықтары қанмен, бөлінділермен немесе басқа да биологиялық материалдармен ластанған кезде, пациент қайтыс болғаннан кейін, камералық дезинфекция бірнеше кезеңнен тұрады:
- залалсыздандыруға жататын төсек-орын жабдықтарын жинау және дайындау;
- оларды инфекциялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып дезинфекциялық камераға тасымалдау;
- белгіленген режимге сәйкес дезинфекциялық камерада залалсыздандыру жүргізу;
- жүргізілген дезинфекцияның сапасын бақылау;
- өңделген бұйымдарды қайтадан бөлімшеге жеткізіп, пайдалануға беру.
Барлық жұмыстарды арнайы оқытылған персонал санитариялық-эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып және жеке қорғаныш құралдарын пайдалану арқылы орындауы тиіс.Тұтас тігілген гигиеналық қаптардағы матрастар мен жастықтар камералық дезинфекцияға жіберілмейді.
Олар рұқсат етілген дезинфекциялық құралдармен сүрту немесе бүрку арқылы залалсыздандырылады. Бұл әдіс қорғаныш қаптарының бүтіндігі сақталған жағдайда бұйымдардың сыртқы бетін тиімді залалсыздандыруға мүмкіндік береді.
Камералық дезинфекция медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оны белгіленген жағдайларда жүргізу ауруханаішілік инфекциялардың таралу қаупін төмендетуге, пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ медициналық ұйымдағы санитариялық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайды сақтауға мүмкіндік береді.
Камералық дезинфекцияны жүргізу тәртібін сақтау, төсек-орын жабдықтарын уақтылы залалсыздандыру және қорғаныш қаптарының бүтіндігін бақылау медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың тиімді профилактикасының міндетті шарттары болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1270873?lang=ru

Жауап қалдыру