“Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу” мемлекеттік қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 7 тамызында «Тең қоғам» орталығында Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мен «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ мамандары қала мектептерінің әлеуметтік педагогтарымен «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында мамандар мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі,  оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу шарттары, сондай-ақ әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде қолданылатын скорингтік модель туралы жан-жақты ақпарат берді.

Кездесуге  қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алып, мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-balhash/press/news/details/1270879?lang=ru