Өздеріңіздей азаматтар көп болсын: Абай облысында полицейлер түнде жолда көлігі сынып қалған жүргізушіні үйіне аман-есен жеткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сағат 00:20 шамасында Өскемен–Алматы республикалық маңызы бар автожолында Қалбатау ауылының тұрғыны отбасымен бірге Алакөл жағалауынан қайтып келе жатқанда Ваз 21014 автокөлігі техникалық ақауға байланысты жолда тоқтап қалады. Жаңбырлы түні жас балаларымен жолда қалған отбасы өз күшімен қозғалысын жалғастыра алмай, көмекке мұқтаж болған.

Осы уақытта Жаңғызтөбе ауылы маңындағы 941-шақырымда қызмет атқарып жүрген Қалбатау полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Оспанов Серік пен полиция аға лейтенанты Алкенов Серікбол жол жиегінде тоқтап тұрған автокөлікті байқап, мән-жайды анықтайды.

Полицейлер автокөліктің техникалық ақауға байланысты тоқтап қалғанын анықтап, отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті көмек көрсетті. Көлікте балалар барын көрген қызметкерлер автокөлікті сүйрету үшін тас жол бойымен өтіп бара жатқан жүк көліктерін тоқтата бастайды.

Жол шетінде техникалық ақауы бар көлікке бей-жай қарамаған жүк көлігінің жүргізушісі бірден тоқтап, автокөлікті сүйрей бастайды. Ал, қызметкерлер болса, отбасының шаңырағына аман оралулары үшін көліктің артынан қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып жүріп отырған.

Көрсетілген көмек үшін Қалбатау ауылының тұрғыны полицейлерге және жүк көлігінің жүргізшісіне алғысын білдірді. Оның айтуынша, полиция қызметкерлерінің уақытылы көмегі отбасының қауіпсіз түрде үйіне жетуіне мүмкіндік берген. “Жаңбырлы түні отбасыммен қиын жағдайға тап болғанда бірден жанымыздан табылдыңыздар. Өздеріңіздей азаматтар көп болсын” деді ол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1270858?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді