
Жергілікті шаруаларының аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлына айтқан ағын су тапшылығына қатысты өтініштері қолдау тауып, каналдарды бетондау жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда Қарғалы ауылдық округі аумағындағы «Д.Алтынбеков» каналының аяқ жақ бөлігіндегі 10,7 шақырымды бетонмен қаптау және күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде.
«Қазводхоз» РМК филиалының тапсырысы аясында іске асып жатқан жобаның құны 2,7 млрд теңгені құрайды. Бүгінде каналдың 5,5 шақырым бөлігі толықтай топырақпен көтеріліп, нығыздау жұмыстары жүргізілген. Ал, 4,5 шақырымы қайта қазылып, 1,4 шақырымын бетонмен қаптау жұмыстары атқарылуда.
Нысанның мерзімінде әрі сапалы орындалуы үшін 15 арнайы техника жұмысқа тартылған. Жоба аясында жалпы 62 адам, оның ішінде 20 адам жергілікті жерден тұрақты жұмыспен қамтылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1270511?lang=kk

Жауап қалдыру