
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қоғамдық тәртіпті бұзатын және тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заңсыз отшашу қолдану фактілері анықталуда.
Полиция азаматтарға пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Қоғамдық орындарда тәртіпті бұзатын, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтіруі мүмкін пиротехникалық құралдарды заңсыз қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, пиротехникалық бұйымдарды тек белгіленген талаптарға сай пайдалануға және қауіпсіздік ережелерін орындауға шақырады.
Заң бұзушылық фактілеріне куә болған жағдайда азаматтар «102» арнасына хабарласа алады.
Қоғамдық қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет!
https://www.instagram.com/reel/DbvH4Riqo-M/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1270706?lang=ru

Жауап қалдыру