Қаратау ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында рейдтік жұмыстар күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қаратау ауданында санитарлық тазалықты сақтау, заңсыз қоқыс орындарының алдын алу және абаттандыру талаптарының орындалуын бақылау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Аудан аумағында жауапты сала мамандарының қатысуымен тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Рейд барысында белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданудаБүгінгі күнге дейін аудан аумағында 9 рейдтік іс-шара өткізіліп, санитарлық талаптарды бұзу бойынша 67 құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар анықталған 1 заңсыз қоқыс орны толықтай жойылды.Заңсыз қоқыс орындарының алдын алу мақсатында ауданның «қызыл аймақ» картасы әзірленіп, проблемалық нүктелер тұрақты бақылауға алынған. Сондай-ақ аудан әкімдігі қолжетімді дрон құрылғысының көмегімен аумақтарды бақылап, стихиялық қоқыс орындарын анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрақты түрде ақпараттық материалдар жарияланып келеді. Бүгінге дейін осы бағытта 6 ақпараттық материал жарық көрді.
Аудан тұрғындары заңсыз қоқыс орындары немесе абаттандыру мәселелері бойынша қала әкімдігінің бірыңғай байланыс орталығы арқылы хабарлама қалдыра алады. Барлық өтініштер белгіленген мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданады.
Тазалық – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Қоршаған ортаны таза ұстау арқылы қаламыздың көркеюіне бірге үлес қосайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-karatau/press/news/details/1270900?lang=ru