Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері арасында аналарды әлеуметтік қолдау деңгейі ең жоғары елдердің бірі саналады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері арасында аналарды әлеуметтік қолдау деңгейі ең жоғары елдердің бірі саналады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде жүктілікке және босануға байланысты төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері 2 миллион теңгеден асады. Бұл қолдау шарасы ресми жұмыспен қамтылудың маңызын арттырып, азаматтардың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуына мүмкіндік береді.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ арқылы әлеуметтік төлемдерді тағайындау жүйесі тұрақты түрде жетілдіріліп келеді. Бүгінде бұл үдеріс цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерінің көмегімен жетілдірілуде. Негізгі мақсат – әлеуметтік төлемдердің заңды құқығы бар азаматтарға әділ әрі уақытылы тағайындалуын қамтамасыз ету.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі әділдік пен өзара жауапкершілік қағидаттарына негізделген. Әлеуметтік төлем көлемі азаматтың ресми еңбек өтіліне, табыс деңгейіне және әлеуметтік аударымдарының мөлшеріне тікелей байланысты. Осы мақсатта Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төлемдерді есептеу кезінде деректерді бағалайтын зияткерлік алгоритм

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1270381?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді