
ШҚО-да полицей мен ТЖ қызметкері қайғылы жағдайдың алдын алды
Тарбағатай ауданында төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері телевизиялық мұнараға шығып бара жатқан 5–6 жастағы екі баланы байқаған. Қауіптің бетін дереу бағамдаған олар бұл оқиға туралы «102» арнасына хабарлаған.
Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Тарбағатай ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Диас Жұмаділов шұғыл жеткен. Ол Тарбағатай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау майоры Архат Ниғмашевпен бірлесіп, балалардың мұнарадан қауіпсіз түсуіне көмектесіп, қайғылы жағдайдың алдын алды.
Одан кейін олар ата-аналарына тапсырылды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмау және қауіпті нысандардың маңына жолатпау қажеттігі ескертілді.
Шығыс Қазақстан облысын Полиция департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады. Оларды қараусыз қалдырмаңыздар – өйткені ересектердің мұқияттығы мен бақылауы баланың өмірі мен денсаулығын сақтайтын басты кепіл.
ШҚО ПД баспасөөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1270335?lang=ru

Жауап қалдыру