ШҚО полициясының бастығы зейнеткерді алаяқтықтан құтқарған жүргізушіге алғыс білдірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО полициясының бастығы зейнеткерді алаяқтықтан құтқарған жүргізушіге алғыс білдірді

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков өзінің қырағылығы мен бейжай қарамағанының арқасында Өскемен қаласының тұрғынын телефон алаяқтарының 1,5 миллион теңгеден астам қаражатын жымқырудан сақтап қалған такси жүргізушісі Төрежан Адабиетовпен кездесті.

Ерлан Омарбеков Төрежанға көрсеткен ерлігі, белсенді азаматтық ұстанымы және қылмыстың алдын алуға қосқан жеке үлесі үшін шынайы алғысын білдірді. Ол мұндай азаматтардың полицияның алаяқтыққа қарсы күрестегі шынайы көмекшісіне айналып, өзгелерге үлгі болатынын атап өтті.

«Қазіргі уақытта алаяқтар заманауи технологиялар мен психологиялық әсер ету әдістерін жиі қолданады, сондықтан біздің ортақ міндетіміз – бұл қылмыстарды ашу ғана емес, сонымен қатар олардың алдын алу. Полицияның, қоғамның және әрбір саналы азаматтың күш-жігерін біріктіру арқылы ғана қылмысқа тиімді қарсы тұрып, жерлестерімізді қорғай аламыз», – деп баса айтты ШҚО ПД бастығы.

Полиция департаменті егер бейтаныс тұлғалар шұғыл түрде ақша шешіп алуды, оларды «қауіпсіз шотқа» аударуды, СМС-хабарламадағы кодтарды айтуды немесе несие рәсімдеуді талап етсе – бұлар алаяқтар екеін ескертеді. Тәртіп сақшылары өңір тұрғындарын қырағылық танытуға, телефон арқылы бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамауға және алаяқтықтың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу полицияға хабарласуға шақырады.

Интернет және телефон алаяқтығының алдын алу ШҚО ПД жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Тәртіп сақшылары «Заң және Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында цифрлық қауіпсіздікті дамытуға, халықпен профилактикалық жұмыс жүргізуге және полицияның қоғаммен өзара іс-қимылын нығайтуға ерекше назар аударады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1270359?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді