
2026 жылғы 6 тамызда ауыл шаруашылығы басқармасы өңірлер әкімдері орынбасарларының, әкімдіктердің ауыл шаруашылығы бөлімдері басшыларының, сондай-ақ су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы басшылығының және “Қазсушар”РМК өкілінің қатысуымен кеңес өткізді. Кеңес барысында суармалы жерлерді кеңейту, оның ішінде суды үнемдейтін суару технологияларын қолдану, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Ертіс бассейндік инспекциясының басшылығы қолданыстағы заңнама шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің су ресурстарын ұтымды пайдалануы жөнінде аудан әкімдіктеріне түсініктеме берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-agro/press/news/details/1270673?lang=kk

Жауап қалдыру