«Тәуелсіздік ұрпақтары – 2026» грантының иегерлері анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары – 2026» грантының жеңімпаздары белгілі болды.

Конкурстық комиссияның шешімімен ең жоғары ұпай жинаған 30 жас қазақстандық іріктелді. Әр грант иегеріне өз жобасын жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 3 млн теңге көлемінде қолдау көрсетіледі.

2026 жылы байқауға 2200-ден астам өтінім түсіп, оның 1745-і қарауға жіберілді. Атап айтқанда, «Бизнес» бағыты бойынша – 663, «Ақпараттық технологиялар» – 383, «Ғылым» – 218, «Мәдениет» – 174, «Медиа» – 158 және «Волонтерлік» бағыты бойынша 149 өтінім қабылданды.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты дарынды жастарды қолдау мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылы тағайындалған.

Грант тағайындалған уақыттан бері 153 жас қазақстандық оның иегері атанды. 2021 жылы 30, 2022 жылы 33 грант берілсе, 2023, 2024, 2025 және 2026 жылдары жыл сайын 30 гранттан тағайындалды.

2026 жылғы грант иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі Халықаралық жастар күніне орай Астанада өтеді.

«Тәуелсіздік ұрпақтары-2026» грантының иегерлері:

«Ғылым»

Шахин Юсуф

Шарипова Сымбат

Окасова Асем

Уразалиева Анель

Ендібай Асылнұр

«Мәдениет»

Бақыт Балдаурен

Еркінбек Қыдырәлі

Ербосынова Алия

Закарьянов Мирас

Болатов Бекжан

«Медиа»

Аманкелді Мұхтар

Дүйсембаева Мәдина

Афанасьева Екатерина

Кулумканов Нурболат

Жанәлі Данияр

«Ақпараттық технологиялар»

Абикенова Диана

Абен Бауыржан

Асайын Еркегүл

Ахтанқызы Мөлдір

Канат Арлан

«Бизнес»

Анарбаев Бауыржан

Айткен Ансар

Есенгельдинов Тимур

Баграмов Алмаз

Садуакасова Наргиз

«Волонтерлік»

Галимова Айдана

Дарьянова Камила

Молдабекова Айман

Жамашова Айсулу

Хамзеев Алишер

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1270789?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді