
Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті.
Салтанатты жиында қала әкімі Ернат Бәзіл көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстап, олардың отбасы құндылықтарын нығайтудағы және ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбегіне ерекше құрмет білдірді.
Марапатқа барлығы 11 көпбалалы ана ие болды. Оның ішінде 2 анаға «Алтын алқа», 9 анаға «Күміс алқа» табысталды.
Марапат иелерінің атынан сөз сөйлеген жеті баланың анасы, «Алтын алқа» иегері Айнұр Әдепханова бұл күннің отбасы үшін ерекше қуаныш екенін айтып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғысын жеткізді.
– Бала тәрбиелеу үлкен жауапкершілік әрі зор бақыт. Еңбегіміздің еленіп, мемлекет тарапынан осындай жоғары марапатқа ие болғанымыз біз үшін үлкен мәртебе. Осындай қолдау көрсетіп жатқан мемлекетімізге алғысымыз шексіз. Еліміз аман, әр шаңырақта береке, балаларымыздың болашағы жарқын болсын, – деді Айнұр Әдепханова.
Айта кетейік, бүгінде Талдықорған қаласында 210 мыңнан астам тұрғын тұрады. Оның ішінде 6 мыңнан астамы көпбалалы аналар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1270825?lang=ru

Жауап қалдыру