Тоғызқұдық ауылдық округі бойынша 2026 жылғы 7 тамыздағы мал азығын дайындау жұмыстарының мониторингі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 7 тамыздағы жағдай бойынша Тоғызқұдық ауылдық округіндегі мал азығын дайындау жұмыстарының мониторингі

Тоғызқұдық ауылдық округінде мал азығын дайындау жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда. 2026 жылғы 7 тамыздағы жағдай бойынша жылдық жоспарланған 13 000 тоннаның 5 070 тоннасы дайындалып, жоспардың 39%-ы орындалды.

Мал азығын дайындаудың негізгі көлемі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің үлесіне тиесілі:

  • ЖШС – 2 160 тонна;

  • шаруа қожалықтары – 1 910 тонна;

  • халық – 1 000 тонна.

Дайындалған мал азығының түрлері:

  • еркекшөп – 50 тонна;

  • басқа да мал азығы түрлері – 75 тонна;

  • барлығы тасымалданғаны – 4 945 тонна.

Есепті күнге сүрлем мен пішендеме дайындау жұмыстары жүргізілген жоқ.

Мал азығын дайындау науқанына 18 бірлік ору техникасы және 19 кескіш аппарат (полотно) жұмылдырылған.

Ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген шаруашылықтар:

  • «ЭЛИТА-2020» ЖШС600 тонна;

  • «0ARAQOYTAS» ЖШС1 020 тонна;

  • «Марат» ЖШС540 тонна;

  • «Батима» ШҚ580 тонна;

  • «Ислам» ШҚ500 тонна.

Сонымен қатар, «Ойгыр», «Нұрасыл», «Абай», «Руслан», «Дархан», «Бирлик», «Восход», «Тасщик», «Тайлак», «Сүйіндік», «Ақжол» шаруа қожалықтары да белсенді қатысуда. Округ тұрғындары тарапынан 1 000 тонна мал азығы дайындалды.

Мал азығын дайындау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда. Алдағы кезеңдегі негізгі міндет – қазіргі қарқынды сақтап, жоспарлы көрсеткіштердің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету және алдағы қысқы мал қыстату маусымына сапалы дайындық жүргізу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar-zhyrau-togyzkudyk/press/news/details/1270770?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді