ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысы әкімдігінде кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның штаб отырысы өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Ертай Алтаев жүргізді.
Отырыста балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, тәуекел тобындағы балалармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстардың жай-күйі, бақылау парақтары арқылы жүзеге асырылатын мониторинг нәтижелері, қызыл аймақтағы кәмелетке толмағандарға көрсетілетін медициналық-психологиялық сүйемелдеудің сапасы, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған цифрлық платформалардың тиімділігі талқыланды. Жиынға қатысушылар ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
Облыс әкімінің орынбасары балалар мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу жұмысын күшейтуді тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1270917?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді