Жамбыл облысында жабайы қарасораны жою бойынша іс-шаралар жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Меркі ауданы прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен 2026 жылғы маусым айынан бастап аудан аумағында «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жабайы қарасораны анықтау және жою бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Аудан аумағында жабайы қарасора өсетін жерлердің жалпы көлемі шамамен 19 мың гектарды құрайды.

Аталған жұмыстарды жүргізуге жұмыс тобының мүшелерімен қатар 14 ауылдық округтен 28 ерікті тартылып, қажетті арнайы техника жұмылдырылған.

Бүгінгі күнге 580 гектар аумақта 376 тонна жабайы қарасора шабылып, өртеу арқылы жойылды.

Жабайы қарасораны жою жұмыстары ауданда жыл сайын жүйелі түрде жүргізіліп, есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алудың маңызды шараларының бірі болып табылады.

Жүргізіліп жатқан кешенді профилактикалық жұмыстар есірткі қылмыстары деңгейінің төмендеуіне ықпал етуде.

Мәселен, 2025 жылдың 7 айында 45 есірткі қылмысы тіркелсе, ағымдағы жылдың сәйкес кезеңінде 28 қылмыс тіркеліп, қылмыс деңгейі 37,8%-ға төмендеген.

Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты – есірткі қылмыстарының алдын алу, есірткі құралдарының заңсыз айналымына тосқауыл қою, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ өскелең ұрпақты есірткінің зиянды әсерінен қорғау.

Жамбыл облысының прокуратурасы есірткі құралдарын заңсыз өсіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және олардың заңсыз айналымына байланысты өзге де әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1270864?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді